jasqazaq.kz

Сағынтаев басты міндеттерді атады

17 шiлде 2019, 16:02

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуде қаланың жарты жылдық дамуының нәтижесін қорытындылап, келер жартыжылдықтағы жоспарды пысықтады.

Жиын барысында қала басшысы оңтүстік астананың дамуында басымдық берілетін бағыттарды атады. Құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, барлық салада оң динамика сақталған. Өнеркәсіп, ауыл шауаршылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс салаларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104%-ға жетті. Инвестициялар көлемі 8%-ға, өнеркәсіптік өндіріс 5,2%-ға, құрылыс — 3,9%, баспана беру 2%ға артты. Биылдың өзінде 1 трлн-ға жуық салық жиналды. ШОБ субьектілерінің өнім өндірісі 9,8%-ға өсті. Бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша ЖАӨ 3,5%-ға жетті. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев қалада шешілмеген проблема жеткілікті екендігін айтты. «Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының алғашқы бірлескен отырысын өткіздік. Қалалықтардың табыс деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыру үшін жүзеге асырылуы тиіс кезек күттірмейтін міндеттер мен бағыттар бойынша өзімнің ой-пікірімді ортаға салдым. Басты міндеттер: лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын ашу, бірінші кезекте қажет азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу. Ықпал ету тетіктерін жете анықтау үшін баға қою ісіне терең сараптама жүргізуді тапсырдым. Коммуналдық қызметтер тарифтері де қатаң бақылауда. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту, экология мен денсаулық сақтау мәселелері басты назарда», — деп жазды қала әкімі facebook-тегі парақшасында. «Алматыны «Шетсіз қала» тұжырымдамасы бойынша дамыту негізгі тұжырымдама болып қала береді. Шет аймақта тұратындар орталықтың тұрғындары сияқты сапалы қызметтерді алуы тиіс. Қаланың шеті мен орталығының арасындағы айырмашылықты азайту басты бағыт. Шеттегі халық орталықтағы халықтың қолы жетіп отырған қызметтердің бәрін алуы тиіс», — деп ой өрбітеді әкім. Сондай-ақ, шаһар басшысы орталық аудандарды жөндеуге 65 млрд теңге, ал шеткі аудандарға 15,5 млрд теңге жұмсалған. Оларда су, газ, көшені жарықтандыру жүйесі жоқтығын тілге тиек еткен. «Біздің мақсат жақын арада қаланың шет аудандарындағы өмір сапасын арттыру. Жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік нысандар салу, ШОБ субьектілерін ынталандыру», — деп жазады Бақытжан Сағынтаев. Қала әкімінің тапсыруымен аудан әкімдері 1 тамызға дейін нақты жоспар құратын болды. Жыл соңына дейін қаланы толық су, газ, жылумен қамту, аулаларды абаттандыруды аяқтау, мектептегі орын тапшылығын шешу көзделген.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда