jasqazaq.kz

Сағынтаев Алматыда жылу қашан барлық тұрғын үйге берілетінін айтты

01 қазан 2020, 10:29

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда жылу қашан барлық тұрғын үйге берілетінін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

«Биыл жылу әдеттегіден ертерек қосыла бастады. Біз ЖРВИ, тұмау коронавирусқа ұласады деп жатырмыз, сондықтан қала тұрғындарын суық пәтерлерде жауратып қоюға болмайды. Осыған байланысты жылуды ертерек қоса бастадық», — деді Almaty телеарнасының тікелей эфирінде.

Алайда Алатау және Бостандық аудандарындағы кей үйдің тұрғындары қала басшысына үйінде жылудың жоғына шағымданып жатыр.

Қала әкімі ссы аптаның соңына қарай бүкіл қала жылуға қосылады деп уәде берді.

«Біз дүйсенбіде жылу маусымының басталғаны туралы хабарладық. Барлық әлеуметтік нысанға жылу берілді. Тұрғын үйлер бойынша қазіргі уақытта 100 пайызға дайындық бар. Бірақ жүйе бір уақытта іске қосылмайды. Кешірім сұраймын, біз бәрін бірден бастай алмаймыз. Бірақ апта соңына дейін барлық тұрғын үйге жылу беріледі», — деді қала әкімі.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматыда жылу беріле бастаған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде