jasqazaq.kz

Сағынтаев Алматыда заңсыз салынған үйлер туралы айтты

07 желтоқсан 2020, 17:01

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бақытжан Сағынтаев Алматыда заңсыз соғылған үйлерге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, кезінде Алматыға қосылған жердегі бос орынға біраз азамат үй соққан, оның біразы заңдастырылған. Алатау ауданында халықпен кездескен кезде сұрақтар да осы жайлы болды.

«Көшемізде жол бар, жарық тартылды, барлық жағдай жасалған, бірақ заңдастыру жағын шеше алмай отырмыз дейді. Қолда бар құжаттар негізінде шешімдер қабылданбаған. Адам ол жерге үй салып, тұрып жатса, қалай қуып шығасыз?! Сондықтан мұндай үйлердің 76%-і құжатын алды», — деді Сағынтаев.
Әкімнің сөзіне қарағанда, бұл азаматтарға рұқсат беріліп, құжатты заңдастырып алды. Ал құжатын реттей алмай отырғандардың үйі заңсыз салынған. Заңға қандай да бір өзгеріс енгізілсе, оларға да рұқсат беріледі.

«Заңға сәйкес, үйлер судан 35 метр қашықтықта болу керек. Ал құжатын заңдастыра алмай отырған үйлердің көбі жақын тұр. Қазір біз оған рұқсат беретін болсақ, ертең ол заңға қарама-қайшы деп, қайтадан бұзылады. Біз заңға қарсы дүниеге рұқсат бере алмаймыз», — деді қала басшысы.

Мұндай жағдайдың басым көпшілігі Алатау және Жетісу ауданында жиі кездеседі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия