jasqazaq.kz

Сағынтаев Алматыда «Сергектің» көбейетінін айтты

27 қантар 2020, 16:17

Алматыда «Сергек» бағдарламалық-құрылғы кешендерінің санын көбейтуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. Қала басшысының айтуынша, алғашқы 22 күнде жаңа камералар 4,5 мың жол козғалысы ережесін бұзу деректерін түсірген. Сағынтаевтың айтуынша, осы аралықта жол-көлік оқиғасының саны 12 пайызға төмендеген. Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 38 пайызға азайған. «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары, соның ішінде жолдар мен тұрғындар көп жиналатын жерлерде видеомониторинг жүйесін кеңінен қолдану арқылы жалғасады. Биыл қосымша 360-тан аса «Сергек» камераларын орнатуды жоспарлап отырмыз. Жыл сайын құқықтық тәртіпті бұзуды қадағалайтын автоматты бейне жүйелерінің үлесі өсіп отыратын болады», — деді Сағынтаев. Қазіргі уақытта қалада «Сергек» бағдарламалық-құрылғы кешенінің 400 жүйесі жұмыс істейді. Алғашқы сегіз күн ішінде камералар 42 миллион теңгеге жол ережесін бұзу деректерін анықтаған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде