jasqazaq.kz

Садыр Жапаров ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті

28 қантар 2021, 12:28

Бүгін өткен ұлықтау рәсімінде Садыр Жапаров ант берді. Одан кейін Қырғызстан Орталық сайлау комитетінің төрайымы Нұржан Шайлдабекова Садыр Жапаровқа президент куәлігін, төсбелгі және штандартты табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап. Осылайша, Садыр Жапаров ресми түрде президент қызметіне кірісті. Ресми рәсімге бір мыңнан астам қонақ қатысты. Атап өткенде, елдің танымал қайраткерлері, Жогорку Кенеш депутаттары, экс-президенттер, парламенттің бұрынғы спикерлері, бұрынғы премьер-министрлер, Қырғызстан конфессияларының басшылары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар және қарапайым азаматтар қатысты. Сондай-ақ рәсімге Жапаровтың өткен сайлаудағы қарсыластары шақырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде