
Қырғызстанда Бас прокуратура мемлекет басшысы Садыр Жапаровты жауап алуға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Tengrinews.kz-ке қадағалау органының баспасөз қызметі президенттен бүгін жауап алынатынын хабарлады.
«Садыр Жапаров 2010 жылғы маусымдағы оқиғаға қатысты іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырылды», — деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, осыған дейін дәл осы іс бойынша Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысынан жауап алынған болатын.