jasqazaq.kz

Садриддин Ахмедов аргентиналық «Цунамимен» айқасатын болды

03 желтоқсан 2019, 15:57

«Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (10-0, 9КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін жариялады.

WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы шаршы алаңға 7 желтоқсанда қайта оралады. Әлеуметтік желідегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында жазылғандай, ол Канаданың Монреаль қаласында аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-5-2, 7КО) кездеседі. Қос құрлықтың боксшылары Давид Лемье (40-4, 34КО) мен Макс Бурсак (35-5-2, 16КО) айқасының андеркартында өзара мықтыны анықтамақ. «Садриддин Ахмедов өзінің жеңіс сериясын жалғастыруды көздесе, Хосе Антонио Вильялоблос оған тұңғыш рет жеңіліс дәмін татыруға тырысады. Ахмедов – туа біткен дарын иесі, техникалық әбжілдігімен, күш-қуатымен танылған ерекше боксшылардың бірі. Бұл айқаста «Q сарбазы» мен аргентиналық «Цунамидің» текетіресін көресіздер», — делінген «Eye of the Tiger Management» компаниясының хабарламасында.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда