jasqazaq.kz

Садақа жәшіктерін ұрлаған

20 шiлде 2020, 10:25

Түркістан облысының полицейлері садақа жәшіктері мен ұялы телефондар ұрлаған күдіктіні ұстады.

Күдікті дүкен мен шеберханаға ұрлыққа түскен. Нысандардың кіру есігін бұзу арқылы ішке кірген ол бір түннің ішінде дүкендерден ұялы телефондар мен садақа жәшіктеріндегі ақшаларды ұрлап кеткен.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті мас күйінде қолда бар құралдардың көмегімен дүкеннің кіреберіс есігін ашып, 230 мың теңгедей тұратын жеті ұялы телефонды жымқырған. Одан кейін жігіт тағы бір дүкен мен телефон жөндеу шеберханасын тонап, қайырымдылыққа арналған жәшіктерден 25 мың теңге ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Мақтаарал АПБ-ның полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бір тәулік ішінде күдіктіні құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Ол бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты.

Ұрланған заттарды сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Polisia.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді