
Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Васл» клубының мүшесі атанды. Бұл туралы Vesti.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дубайдың командасы көп спорт түрі бойынша аттас ұжымдар кіретін мультиспорттық клуб. 2019 жылы «Аль-Васл» волейболдан Араб Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.
«2020 жылға жаңа белеспен»,- деп жазды Алтынбекова жаңа команданың формасымен түскен суретін жариялап.
23 жастағы Алтынбекова үшін «Аль-Васл» мансабындағы екінші шетел командасы болып отыр. 2015 жылы ол Жапония лигасындағы екінші CSS Sunbeam командасында өнер көрсетті. Ал өз отанында волейболшы «Алматы» командасында ойнады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram