
Күні кеше мұсылманша некесін қиып, шаңырақ көтерген Сәбина Алтынбекова мен жолдасы Саят Тостықбаев салтанатты күнді шағын ғана адаммен атап өтті.
Сәбина Алтынбекова тұрмысқа шыққаны туралы сүйінші хабарды өзі айтты. Көпшілік үшін бұл тосын жаңалық еді. Жанкүйерлері оны Қуат Хамитовпен қатынаста деп ойлап жүргенде, спортшы қыз өзге жігіттің етегінен ұстады.
Алтынбекованың қазақстандық продюсер Саят Тостықбаевқа тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Жас жұбайлар аз ғана адаммен мерекелі күнді атап өтті.
Желіде қуанышты сәттің видеолары тарады. Видеодан байқағанымыздай, Алтынбекова енесіне торт жегізіп, алғысына бөленіп жатыр. Бұл өміріміз торттай тәтті болсын деген ырым.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тойдан актер Дәурен Айдарқұловты көруге болады. Әзілкеш жас жұбайларды құттықтап, қуанышқа ортақтасып жүр.
Stan.kz