jasqazaq.kz

Сәбильянов: Ядролық жарылыс зардабын тартқандардың есебінен не ақша үнемдейді

10 қыркүйек 2018, 16:18

Сабильянов Семейдегі ядролық жарылыстан зардап шеккендердің әлі күнге дейін жол азабын көріп отырғанын айтып ашынды.
Sputnik жазғандай, Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов автожолдарды жөндеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру жүйесінде ашықтық жоқ екенін мәлімдеді.   Мәжілістегі үкімет сағатында депутат кейбір жобалардың 2018 жылы қаржыландырылуы тиіс тізімнен алынып тасталғанын айтты.
«2018 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қарау кезінде республикалық бюджет комиссиясы мен депутаттар қолдаған автожолдарды жөндеу туралы жобалар кейіннен белгісіз себептермен қажетті тізімнен алынып тасталған. Мысалы, «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық маңызы бар автожолдың Баршатас ауылына жақын 15 шақырымын орташа жөндеу, «Семей-Қайнар» республикалық маңызы бар жолдың 38 шақырымын орташа жөндеу жөніндегі жобалар биыл қаржыландырылуы тиіс еді. Алайда республикалық бюджет қабылданғаннан кейін, белгісіз себептермен тізімнен алынған. Сонда Семей ядролық полигонынан зардап шеккен осы елді мекендердің тұрғындары енді тағы қанша жыл жолдың қиындығын көрмек? Олардың алдында кім жауап береді? Неге ақшаны ядролық жарылыс зардабын тартқан азаматтардың есебінен үнемдеу керек? Бар-жоғы бір миллиард теңге тұрады», — деп ашынды Сабильянов.
Депутат аталған мәселені жақын арада шешуді сұрады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді