jasqazaq.kz

Сәбилер үйіндегі бүлдіршіндер сұмдық жағдайда өмір сүрген

27 тамыз 2019, 17:40

Қостанай облысының Рудный қаласындағы сәбилер үйіндегі бүлдіршіндер сұмдық жағдайда өмір сүрген. Олардың кейбірінің ұзақ жатқаннан денесі ойылып қалып, кейбірі өз құсығының үстінде жатқан. Nur Otan партиясының жанындағы бала құқықтарын қорғау республикалық кеңесінің сараптама тобының мүшелері арнайы мекемеде аяқ астынан тексеріс жүргізіп, балаларды құтқарып қалды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы арнасы хабарлады.

Жыл сайын шамамен мың жарым бала мамандандырылған сәбилер үйіне түседі. Олар – денсаулығында түрлі ақау бар 4 жасқа толмаған жетім немесе ата-анасы бас тартқан балалар. Рудныйдағы осындай арнайы мекемелердің біріне аяқ астынан тексеріс жүргізген республикалық кеңес сарапшылары ондағы жағдайды көріп, қайран қалған. Себебі паллиативтік топтағы бүлдіршіндерді сыртқа шығармағандықтан, жата-жата денесі ойылып қалған. Сонымен қатар балалар өмір сүріп жатқан жерде санитарлық талаптар сақталмаған. Бүлдіршіндердің көбінің үстінде лыпасы жоқ. Сондай-ақ, оларды есімімен емес, нөмірімен атайды екен.

«Гидроцефалияға шалдыққан бір баланың жденесі ойылып қалған. Тағы біреуі өз құсығының үстінде жатты. Біздің көз алдымызда баланы есімімен емес, нөмірі бойынша атады. Мұның барлығы өзін қорғай алмайтын балаларға деген қарым-қатынасты көрсетеді», — дейді кеңес төрағасының орынбасары Динара Зәкиева.

Nur Otan партиясының жанындағы бала құқықтарын қорғау республикалық кеңесінің ескертуінен кейін облыс әкімдігі Рудныйдағы сәбилер үйіндегі балаларды Қостанайдағы мекемеге ауыстыруға міндеттелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде