jasqazaq.kz

Сәбиін ұмытып кеткен әйел ұшақты қайта қондырды

12 наурыз 2019, 16:55

Saudia әуе компаниясының ұшағы ұшып шыққаннан кейін әуежайға қайтып оралды. Белгілі болғандай, жолаушылардың бірі әуежайда сәбиін ұмытып кеткен.

Бұл туралы Independent басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Джидда қаласынан Малайзия астанасы Куала-Лумпурға ұшып шыққан әуе кемесін басқарған ұшқыштың сөзінше, әйел стюардессаларға баласын жоғалтып алғанын айтып, әрі қарай ұшудан бас тартқан. Нәтижесінде экипаж ұшып шыққан әуежайға қайта қонуды сұрады.

Диспетчерлер түсіріп алған видеода ұшқыштың Джидда қаласындағы әуежайға қону үшін рұқсат сұрап отырғаны байқалады.

«Жолаушылардың бірі терминалда баласын ұмытып кетіпті. Ол сапарды жалғастырғысы келмейді», — дейді әуе кемесінің командирі.

Нәтижесінде ұшақтың әуежайға қайтып оралуына рұқсат берілді. Алайда әйел терминалдан баласын тапты ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда