jasqazaq.kz

Сәбиін тепкінің астына алған еркек сот алдына келді

30 қараша 2019, 13:29

 

 Алматыда екі жасар өгей баласын ұрып өлтірді деп айыпталған азаматқа қатысты сот басталды. Сәбидің сау-тамтығын қалдырмай тепкінің астына алған еркек ең ауыр жаза арқалауы мүмкін. Оны судья бірден айтты. Айыпталушының өмірбақи түрмеге тоғытылуы мүмкін екенін естіген туыстары сот залында жылап жіберді. Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік оқиға қыркүйекте болған еді. Анасы жұмысқа кетіп, екі бірдей баламен үйде қалған еркек біреуін өлімші етіп ұрып тастады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тырнақтай баланы тепкінің астына алған еркек осы. Оның жуан жұдырығынан сәби сол күйі есін жимады. Асқан қатігездік танытқан өгей әкенің өкінішке қарай түрін түстеп көрсете алмаймыз. Өйткені Жеңіс Құрманғазин өзін түсіруге тыйым салды. Журналистерге өктем сөйлеген өгей әке сотта да дөрекілігін көрсетті. Екі жасар баланы жауыздықпен ұрып өлтірді деп айыпталған еркектен жауап алуды бастаған судья бірінші кезекте туған балаларының бар-жоқтығын сұрады. Өзінің де кішкентай балалары бар. Бірақ ол туған бала-шағасымен араласпайтын боп шықты. Жалпы, сот процесі тосын жайтқа толы болды. Мәселен, сот залына аяқ астынан бет-аузын тұмшалап алған біреу кіріп келді. Бейтаныс жанның беталды әрекеті судьяның ашуын шақырды. Сөйтсе бөлмеге баса -көктеп кірген сотталушының туған қарындасы екен. Ағасын қолдауға келгенін айтқан әйел кірген бойда беттен алып, төске шапты. Мұнда тек баладан айырылған ана ғана үнсіз отырды. Әсел Теңізбаева сотқа жалғыз келген. Бір жылға жуық бірге тұрған сотталушыға әйел көз қырын да салмады. Күдіктінің өзі де қарауға дәті бармай, басын салбыратқан күйі отырды. Баланың жантүршігерлік өліміне қатысты сот процесінің ұзаққа созылмайтын түрі бар. Себебі, судья сотталушыға бірден ең ауыр жаза тағайындайтынын ескертті. Мұны естіген еркектің туыстары сот залында жылап жіберді.

Әсел Теңізбаева, марқұмның анасы:

— Қатаң жазалана ма, өмірбақи отыра ма, шыға ма, ол маған менің баламды қайтарып бермейді. Бұл жерде ол жазасын алса, о дүниеге барғанда Алланың жазасын алады. Мен соған сендім.

32 жастағы Жеңіс Құрманғазинге ең ауыр баппен айып тағылған. Яғни кәмелетке толмаған баланы асқан қатігездікпен ұрып өлтірді деген. Оған сәйкес, Түркістан облысының тумасы өмірбақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Естеріңізіге салсақ, жантүршігерлік оқиға қыркүйекте болған. Анасы жұмысқа кетіп, жылай берген баланы өгей әке өлімші етіп ұрды. Сәбиді есінен танғанша соққыға жыққан азамат оны өзі ойнап жүріп құлап қалды деп ауруханалардың біріне апарып тастаған. Ал сәби сол күйі есін жимады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда