jasqazaq.kz

Сәбиін көршісіне тастап, жоғалып кетті

03 қараша 2021, 16:32

Павлодарда 37 жастағы әйел алты айлық баласын көршісіне тастап, өзі жоғалып кеткен.

26 қазанда баланың әкесі полицияға жүгінді. Оның айтуынша, әйелі үш күн бойы қоңырауға жауап бермеген, ал қызын көршісіне қалдырып кеткелі бір апта болған.

Баланың анасы 29 қазанда табылды.

Әлгі әйел баладан да, отбасылық қиындықтардан да әбден шаршағанын айтты. Сол себепті баланы көршісіне тастап, басқа еркектермен арақ ішіп, көңіл көтерген. Емшектегі қызын тіпті сағынбаған, — деп атап өтті баспасөз қызметі.
37 жастағы әйел күйеуімен жиі жанжалдасады екен. Екеуінің ортақ бір баласы бар. Бірақ оның тәрбиесіне екеуі де көңіл бөлмейді.

Тәртіп сақшылары баланы сәбилер үйіне жіберетінін айтты.

Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материал сотқа жіберілді, — деді ПД.

Zakon.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр