jasqazaq.kz

Сәбиін автовокзалға тастап кеткен қостанайлық әйел табылды

29 маусым 2018, 14:18

Қостанай автовокзалындағы ана мен бала бөлмесіне бір жарым жасар сәбиін қалдырып кеткен безбүйрек ана табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан мәлім еткендей, Қостанай қаласы ІІБ қызметкерлері баласын автовокзалда тастап кеткен ананы Астана қаласынан тапты. Жасы — 22-де. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 119-бабымен (Қауіпті жағдайда қалдыру) қылмыстық іс қозғалды. Еске салсақ, 17 маусымда кешкі сағат 20.30 шамасында «102» пультіне автовокзалдағы ана мен бала бөлмесінде сәбидің жалғыз жатқаны туралы ақпарат түскен болатын. Оқиға орнына ювеналды полиция және жедел қызмет мамандары аттанды. Сәбиді ғимарат күзетшілері байқаған. Қазір ол Қостанайдағы «Дельфин» балалар үйінде.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді