jasqazaq.kz

Сәбиін 400 мың теңгеге бағалаған

27 қыркүйек 2019, 17:14

Алматыда 23 жастағы әйел 1 айлық ұлын 400 мың теңгеге сатпақ болған. 

Қалалық полицияның хабарлауынша, Әуезов ауданының тұрғыны, жас босанған әйел ақшаны алып жатқан жерінен ұсталды. «Ол баласын сататыны туралы жақындарына хабарлаған. Клиент бірден табылған. Бұл ақпарат құқық қорғау органдарының құлағына да жетті. Келіншек кеше түнгі 23:00-дер шамасында Медеу ауданында баласын сатып 400 теңге алып жатқан жерінен ұсталды», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Данияр Мендебаев. Нәресте балалар үйіне жіберілді. Ал анасы ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлімімен жауапқа тартылады. Әйелдің 7 жастағы тағы бір баласы бар екені анықталды. «Екінші баласын ол некесіз туған. Әйел өзінің істеген қылмысын мойындады. Ақша заттық айғақ ретінде іс материалына тіркелді», — деді подполковник Мендебаев.

Дереккөзі: ҚазАқпарат 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда