jasqazaq.kz

Сәби оралған матаны ашсам, көздері жоқ қуыршақ екен

12 ақпан 2021, 12:36

Ресейдің Ставрополь қаласында келіншек егіз балалары шетінеп кетті деп өтірік айтып келген. Оның бұл өтірігі — нәрестелерді жерлеу кезінде бір-ақ ашылыпты.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.  Марқұм сәбилердің әкесінің сөзінше, егіздер перинаталды орталықта дүниеге келген екен. Алайда бірнеше күн өткен соң белгісіз жайттардан көз жұмыпты. Ер азамат балаларын жерлер кезде олардың денесінің орнында қуыршақтар екенін анықтапты.

«Әулетіміздің зиратына атамыздың жанына жерлемек болып, жерді қаза бастадық. Туыс інім «олар адам ғой, адамша ашып жерлейік» деген соң сәби оралған матаны ашсам, көздері жоқ қуыршақ екен. Екіншісі де дәл сондай», — дейді қайғыдан қан жұтқан нәрестелердің әкесі Дауд Даудов.

Ер азамат бірден полицияға шағымданады. Сөзінше, балаларды үйден біреулер ауыстырып жіберуі мүмкін емес. Құзырлы органдар тексерісті бірден бастап кеткен. Ең таңғаларлығы, өңірдің бірде-бір перзентханасында балаларды босанған әйелдің есімі тіркелмеген.

Кейіннен анықталғандай, бар кінә әйелден болып шықты. Тоғыз ай бойы келіншек күйеуі мен жақындарын жүктімін деп алдап келген. Кейіннен шындықты айтуға дәті бармай, «қойылымды» соңына дейін жалғастырмақшы болып шешіпті. Ал баланы босанған соң, осындай өтірік айтуға мәжбүр болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде