jasqazaq.kz

Саакашвилидің ұсталған сәтіндегі видеосы

13 ақпан 2018, 11:08

Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвилидің Facebook желісіндегі парақшасында саясаткерді күш құрылымдарының қалай ұстағаны туралы видео жарияланды.

Tengrinews.kz  хабарлағандай, видеодан бетперде киген адамдардың мейрамханаға кіріп келіп, бірнеше келушіні жерге жатқызғанын көруге болады. Ары қарай бір топ адам Саакашвилиді шашынан ұстап, есікке жетелейді.

«Бетінен ұрған, ұшаққа дейін жол бойы аузы мен көзін жауып, атып тастаймыз деп қорқытқан. Ал микроавтобус пен тікұшақта еденге басып ұстаған», — делінген видеоға жазылған түсіндірмеде. РИА Новости мәліметі бойынша, дүйсенбіде Саакашвилиді Украинаның мемлекеттік шекара қызметі Польшаға асырып жіберген. Ол Украинаға күзде осы мемлекет арқылы кірген болатын. Польшаның шекара қызметі де оның Варшаваға келгенін растады. Ал Саакашвилидің жақтастары Украина президенті әкімшілігінің алдында шеру өткізді. Шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыстар болып, бір адам ұсталған болатын. Мұның алдында Михаил Саакашвилидің Киевте ұсталғаны хабарланған.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды