jasqazaq.kz

Сағынтаев: Үлкендер тендер ойнап жатқан кезде, балалар қиналып жүр

05 қыркүйек 2017, 12:41

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев тендерлерді уақытында өткізбейтін шенеуніктерді сынға алды.

«Осы жағдай үнемі қайталанады. Қанша айтсақ та, қаражат игерілмейді, тендерлер кеш өткізіледі. Яғни, үлкен ағалар тендер ойнап жатқан кезде, балалар қиналып жүр. Әрі қарай бұлай жалғасуы мүмкін емес! Балалар жаңа мектептерде оқығысы келді», — деп қынжылды Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында.

Осы орайда Үкімет басшысы орынбасарлары Асқар Мәмин мен Ерболат Досаевқа тапсырма берді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық қордан қаражат бөлініп жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қаражат өңірлерге бөлінеді. Ал біз оқу жылы келіп қалса да, әлі күнге дейін тендер ойнап жүрміз. Бұл жағдайдың тамырына балта шабу керек. Мүдделі органдармен бұл мәселені талқылау керек. Қазір біз Астанада пилоттық негізде жан басына шаққан бөлінетін бағдарламаны бастадық. Осыны қолдану керек. Қаражат бар, бірақ өкінішке қарай ол уақытында игерілмейді», — деді үкімет басшысы.

Sputnik Қазақстан

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде