jasqazaq.kz

Сағадиев: Түркиялық мұғалімдер бізге саяси баспана сұрап келген жоқ

03 қазан 2017, 12:56

Осыған дейін Facebook әлеуметтік желісінде Әлібек Смаилов есімді қолданушы Павлодардағы қазақ-түрік лицейінің Демирель Осман және Алтынташ Иса атты екі оқытушысы өз елдеріне баруға қорқып отырғанын жазған. Олар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан өздерін босқын ретінде қабылдап, саяси баспана беруді сұрайды екен. Осы орайда аталған мәселеге қатысты Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиаев пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бұл ақпарат бізге келген жоқ. Менің түсінуімше, бұл ақпаратты желі қолданушысы таратқан. Біз оның кім екенін білмейміз. Білім және ғылым министрлігіне ақпарат түскен соң, біз тиісті шараны қолға аламыз. Менің ойымша, бұл азаматтармен кездесіп, мәселенің мән жайын біліп алған орынды болар еді. Бірақ қазіргі таңда аталған екі ұстаз саяси баспана сұраған, сұрамағаны туралы Білім және ғылым министрлігінде ақпарат жоқ», — деді ол.

Сонымен қатар Ерлан Сағадиаев аталған ұстаздардың Қазақ-түрік лицейінде жұмыс істегені жайлы нақты ақпарат білмейтінін ашық айтты.

«Мен бұл туралы білмеймін. Сіздер Facebook желісінен өсек жинайсыздар. Кейін бізге келесіздер. Егер бізге мұндай ақпарат ресми түрде түссе, біз оған жауап беруге міндеттіміз», — деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін Ақордада журналистермен кездесу барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы төңкеріске қатысы бар қазақ-түрік лицейінің 11 мұғалім елден шығарылғанын айтқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде