jasqazaq.kz

Сағадиев сөзінде тұра ала ма?

30 маусым 2016, 18:58

2

Астанада өткен «Жас Медиа. Ақпараттық технологиялар мен Қазақстан медиа саласының заманауи тұжырымдамасы» атты форумда негізінен журналистиканың өзекті мәселелері жөнінде ой толғануы тиіс қой. Бірақ жастармен бетпе-бет жүздескен Білім және ғылым министрі әңгімені үш тілде білім беру мәселесіне ойыстырғанын өзі де байқамай қалды. Неге?

Шамасы бүгінгі қоғамда жерден кейінгі күйіп тұрған мәселеге орайы келгенде мемлекеттік ұстанымдармен оңтайлы жауап беруге мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты-ау. «Үш тілділік мәселесі – ол ең алдымен қазақ тіліне назар аудартады. Үш тілділік – ол қазақ тілі туралы бағдарлама», – деп қызына бастады әңгімесін. Әрі қарай:

–Қазақ тілінің жағдайы қазір көш ілгері. Бүгінде оқушылардың 70 пайызы қазақ тілінде білім алады. Биыл ұлттық тестілеуден өткендердің 72 пайызы өз білімін қазақ тілінде сынаған. Назарбаев зияткерлік мектептерінің гранты да, жоғары оқу орындарының гранты да 70 пайызы қазақ тіліне бөлінеді. Мәселе үш тілділікте емес, мәселе орыс мектептерінде оқитын бес жүз мың баланың қазақ тілін білмейтінінде. Сондықтан министрлік үш-төрт жылдың ішінде осынша баланы қазақ мектептеріне қайтаруды алдына мақсат етіп қойып отыр. Қазір осы мақсатты жүзеге асыру үшін үш-төрт зияткерлік институт арнайы әдістеме дайындап жатыр. Ол заманауи ғылыми негізде компьютерлік моделдеуден өткен әдістеме болады. Осы әдістеме арқылы алты айда қазақ тілін үйрене алады. Соны орысмектептеріндегі қазақ тілі сабақтарына қолданысқа енгізсек, үш жылдың ішінде бес жүз баланың қазақ тілінде сөйлейтініне сенемін. Үш тілділіктен ұтыламыз деген, толықтай қате түсінік, – деді Е.Сағадиев.

Білім және ғылым министрінің бұл сөзі үш тілділікке қатысты күмәнді ойларды бір сәтке болса да сейілтіп жібергендей болды. Бірақ… бір сәтке ғана. Себебі, осы бағдарламаның әлі де ойластырылмаған тұстары көп деген пікір қалың тұманнан да қоюлау ғой. Сағадиев сөзінде тұра ала ма, оған уақыт қана төреші.

Меңдолла ШАМҰРАТОВ

 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі