jasqazaq.kz

С.Жақыпова: Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы тым аз

25 маусым 2018, 14:29


ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова «көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы тым аз» дейтіндерге жауап берді.
ҚазАқпарат хабарлағандай,    «Қазір кейбір азаматтар 10 мың теңгені қайтемін, алғаным не, алмағаным не деп, өз реніштерін айтады. Бірақ ол ақшаның өмір бақи берілетінін ескеру керек. Бізде ең жас көпбалалы ана — 35 жаста. Зейнетке шыққандар да бар. Дегенмен, 35-тен жоғары санай берсек, 80 жасқа дейін 40 жыл бойы жәрдемақы алуға болады. Бір жылда он екі ай, сонда 40 жылда әжептәуір ақша беріледі», — деді С.Жақыпова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Оның айтуынша, көпбалалы отбасылардың ай сайынғы жәрдемақыларын өзгерту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Әзірше, сол күйінде қала береді. Бірақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. «Өткен аптада аталған заң жобасы Сенаттан шықты. Қазір Президенттің қол қоюына жіберіліп отыр. Оған сәйкес, неке туралы кодекске «көпбалалы отбасы» деген анықтама енгізіледі. Осы уақытқа дейін заң жүзінде ондай анықтама болмаған. Сосын оларға беріліп жатқан қаржылай көмек «арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» деп аталатын. Енді, «баласы бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар» деп аталады. Оларды бөлек заңға шығарудың арқасында біз барлық жеңілдіктерді сақтай аламыз», — деп атап көрсетті С.Жақыпова.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді