jasqazaq.kz

Сәтпаев қаласында ұсталған педофилді ұрған полицей қамауға алынды (видео)

24 шiлде 2017, 22:56

Қарағанды облысына қарасты Сәтпаев қаласында бес жастағы қызға азғындық жасаған педофил өз пәтерінде ұсталған болатын. Әлеуметтік желіде педофилдің полицейлерге жауап беріп отырған сәті түсірілген видео жарияланды.

Артынша, келесі видеода азғынның әрекетіне шыдамаған жас полицейдің оны бірнеше мәрте ұрып жіберген сәті анық байқалады. Бұл видео әп-сәтте қыз талқыға түсті. Өйткені педофилге қол көтерген полиция сержанты бірден жұмыстан қуылып, артынша қамауға алынған.

Аталмыш видеоға қатысты Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олардың айтуынша, сержант қазір осы «қылмысы» үшін жұмыстан қуылған. Ол тергеуші бөлмеден шығып кеткен кезде есікті жауып алып, педофилді ұрған және балағаттаған. Қазір бұрынғы полиция қызметкері қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК 362 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал тергеуші бұл істен шеттетіліп, іс басқа адамға берілді.

https://youtu.be/Rj45Lh6mYhI

qasym.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық