jasqazaq.kz

С.Сауытбайға Қазақстаннан саяси баспана беруден бас тартты

08 қазан 2018, 12:04


Талдықорғанда Көші-қон комитетінің жанынан құрылған комиссия Сайрагүл Сауытбайға Қазақстаннан саяси баспана беруден бас тартты. 

 NUR.KZ. жазғандай, бұл туралы Сайрагүлдің адвокаты Абзал Құспан мәлімдеді. Оның сөзінше, аталған шешім 5 қазан күні қабылданған.Арнайы комиссия құрамына Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ, Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарының мүшелері қатысқан.
Құспан өз сөзінде мұндай шешімді күтпегенін жеткізді. Сонымен қатар, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісімен айналысатын мекемесіне хат жолдағанын жеткізді.
«Олардан Қазақстанға нота жіберуін сұраймын. Осы нота арқылы Қазақстан Сауытбайға босқын мәртебесін беретін болады», — деді ол.
Сондай-ақ, құқық қорғаушы Сайрагүлдің Қазақстанда алты айға жазаға тартылғанын және осы уақыт аралығында ол еліміздің территориясында болуы керек екенін еске салды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді