jasqazaq.kz

С. Қисықова: Ауруханада орын болады, дәрігер болмайды

25 маусым 2020, 16:33

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала тұрғындарына үндеу жолдады.

Қисықова ауруханада орын жеткілікті болғанымен дәрігер тапшы екенін айтты. Коронавирусты емдеу үшін білікті мамандар қажет, олар өте аз, саусақпен санарлық дейді ол.

«Құрметті қала тұрғындары! Коронавирустық инфекцияны, оның асқынуын және одан әрі емделуін диагностикалау үшін бірнеше жылдар бойы дайындалатын жоғары білікті медициналық кадрлар қажет. Инфекциялық төсектердің санын шексіз көбейтуге болады, бірақ дәрігерлер мен медбикелер жеткіліксіз болатын уақыт келеді. Сондықтан өзіңіздің және өзгелердің денсаулығын ойлаңыз» — деді қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы.

Осылайша Нұр-Сұлтан қалалсы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова халықты сақтанып жүруге шақырды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда коронавирустан жазылған адам саны 12 мыңнан асқаны белгілі болды.

ktk.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия