jasqazaq.kz

Сәкен Майғазиев: Батыр ел екенімізге еш ұлттың күмәні жоқ шығар

05 қыркүйек 2017, 15:49

Сәкен Майғазиев қазақстандықтарды ұлт-аралық қақтығыс тудырмауға шақырды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2 қыркүйек күні кешкі 21:00 шамасында күзет компаниясы қызметкерімен үндістандық жұмысшы арасында тұрмыстық ерегес болып, соңы жаппай төбелеске ұласқан болатын. Жаппай қақтығысқа 30 адам қатысқан деп айтылуда. Кейінірек полиция 8 азаматқа қатысты іс қозғалып, әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Осыдан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы кез келген үндісті жазалайтындарын жарыса жазған-ды. Бұл оқиғаға қатысты Сәкен Майғазиев пікір білдіріп, жұртты ұлт-аралық қақтығыс тудырмауға шақырды.

“Аса құрметті қызу қанды, қазағым! Иә, “Малым жанымның, жаным арымның садақасы” деген қасиетті xалықпыз. Дер кезінде жұмылып жұдырық бола білетін батыр ел екенімізге еш ұлттың күмәні жоқ шығар. Әлеуметтік желілердегі “Үндістерді көшеден көрсек сабаймыз”, “Жұма намазға келетін үндістерді де “сындыру” керек” деген жаңсақ пікірлерді көзіміз шалып жүр. Сабырға келейік. Адамның жаманы болса да, ұлттың жаманы болмайды. Атам қазақ айтпап па еді, “Биеден ала да, құла да туады” деп. Бір маскүнем үндіс үшін ұлтаралық шиеленіске шырмалмауға шақырамын. Біздің де қандастарымыздың төрткүл дүниенің төрінде “тайраңдап” жүргенін естен шығармайық. Дана xалық екендігімізді тағы бір мәрте дәлелдейік. Құшақтадым!” – дейді Сәкен Майғазиев.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде