jasqazaq.kz

Руслан Мәдиев мексикалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

10 наурыз 2018, 14:45

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді.

АҚШ-тың Калифорния штатында өткен кәсіпқой бокс кешінде Руслан Мәдиев мексикалық Мартин Анхел Мартинеспен қолғап түйістірді. 6 раундқа жоспарланған орта салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі 4 раундта аяқталды. Руслан Мәдиев техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жерлесіміздің кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісі, оның ішінде — бесінші нокаут. Мартин Мартинесте 18 жеңіс, 14 жеңіліс және бір тең ойын бар. Естеріңізге сала кетейік, 25 жастағы Руслан Мәдиев (11-0-0, 5 КО) әйгілі бапкер Абель Санчестің «Big Bear» кешенінде Геннади Головкинмен бірге жаттығады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды