jasqazaq.kz

Рухани жаңғыру- сананың жаңғыруы

07 желтоқсан 2017, 15:27

Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында дөңгелек үстел өтті. Жиын Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Басқосуға бірқатар университет профессорлары, заң ғылымдарының докторлары қатысты. Іс-шараның мақсаты тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың қызметі жайлы оқушылардың білімін тереңдету. Тәуелсіз, дамушы, демократиялық мемлекеттің дамуына қосқан тарихи рөлін ашу болып табылады.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек»- деген болатын.

Осылайша биылғы жылы бағдарлама аясында атқарылған іс ауқымды. Бұған кез келген мекеме орындары, тіпті мәдени және білім ошақтары да үлес қосуда. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы ретінде қарастырылды.

Бүгінгі өткен жиында да рухани жаңғыру- сананың жаңғыруы дей отырып, түрлі түсіндірмелер жасалынды. Мақаланы айшықтай отырып, әр бөліміне жеке тоқталған «Нұр отан» Жетісу аудандық филиалының кеңесшісі Мади Түлебаев «Рухани жаңғыру мәселесіне байланысты жастарға айтарымыз көп. Осы бағдарлама аясында үлкен мақсат қойылып, көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Бәрімізге белгілі рухани жаңғыру бұл- сананың жаңғыруы. Мұны Мемлекет басшысы жеке- жеке жіктеп те көрсеткен болатын. Осыған орай өмірде орын алған кез келген жағдайға реальды түрде қарауымыз керек. Прагматизм бойынша қолындағы бар ресурстарды үнемді түрде жұмсап, қолыңнан келетін дүниені көрсету»- деді.

 

Ал заң ғылымдарының докторы, профессор, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі Қабдулсамих Айтхожин өзінің «Басқарудың президенттік нысаны» тақырыбындағы баяндамасында Елбасының ерең еңбектерін ерекше атап өтті. Ол «Елбасының жыл сайынғы Жолдауы еліміздің қарқынды дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуде. Сондай-ақ, биыл «Қазақстан Республикасының Консти­туциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығару туралы Өкімі мен Заң жобасының мәтіні жарияланған болатын. Осылайша конституциямызға тарихи өзгерістер енгізілді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады. Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сырты әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұратыны өте маңызды. Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетіні қазірдің өзінде дәлелденіп келе жатыр»- деп сөзін түйіндеді.

Сондай-ақ бүгінде Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз Ұлт көшбасшысының салиқалы саясатының арқасында екені мәлім. Жыл өткен сайын жаңарып келеміз. Бұл өзге елмен тереземізді теңестіре алатын қауқарымыздың бар екенінің дәлелі.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде