jasqazaq.kz

Рудныйдағы балабақшада кәмелетке толмаған қызды зорлаған тәрбиеші сотталды

01 маусым 2022, 11:31

Қостанайда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген балабақша тәрбиешісі жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиешісіне үкім шығарылды. Іс материалдарына сәйкес, 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Балабақша тәрбиешісінің ісі Қылмыстық кодекстің 121-бабы «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» және 120-бабы «Зорлау» бойынша қаралған.

«Ішінара қосу арқылы педагогикалық қызметпен айналысуға өмір бойы тыйым салумен ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтеумен 23 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын», — деді Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Арман Қабенов.

Одан бөлек, бір миллион теңге көлемінде азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.

Еске салайық, Қостанайдағы балабақшада болған оқиға туралы мәселені қоғам белсендісі Дина Тәңсәрі көтерген болатын. Ол бұған дейін сол кездегі ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтан осы іске қатысты пікір білдіруін сұраған болатын.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр