jasqazaq.kz

Рудныйда екі жігітті 10 адам жабылып ұрған (Видео)

06 шiлде 2021, 12:22

Қостанай облысы Рудный қаласында он адам екі жігітті жабылып ұрып тастаған. Полицейлердің айтуынша, жәбірленушінің бірі дүкенге жейдесіз кіріп, сондағы бір азамат оған ескерту жасаған. Бұл туралы КТК арнасына хабарлады.

«Қазір видеоны зерделеп жатырмыз. Тек содан кейін құқықтық баға беріледі. Оның үстіне жарақат алған азаматтардың ауруханадан шықанын күтеміз. Сараптама жасалуға тиіс. Соның нәтижесімен тағы бірнеше баппен іс қозғалуы мүмкін. Әзірге бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр», – деді Қостанай облысы ПД бергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.

Оқиға 2-шілдеде түнде болған. Екі жігітті бір топ азаматтың жабылып, тепкінің астына алғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған. Бейнежазбадан екі жігіттің оңбай таяқ жегені көрінеді. Артынша жәбірленушілердің туыстары үндеу тастап, бұзақыларды қатаң жазаға тартуды талап еткен. Біреуінің миы шайқалып, екіншісінің жағы сынып аурханада жатыр. Ал өзінен 5-6 жас үлкен жігіттерді сабаған 17-19 жас аралығындағы азаматтар. Олардың төртеуі күдікті ретінде тергеліп жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия