jasqazaq.kz

Рудныйда 33 көпқабатты үй жылусыз қалды

30 қараша 2022, 16:53

Жеткізу құбырындағы апат салдарынан Рудныйдағы 33 көпқабатты үй мен бір мектепке жылу беру тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рудный қаласының тұрғындары жылусыз қалды. Тұрғын Татьяна Мамаева үйде баласы ауырып жатқанын, оның үстіне, қазір пәтерде жылу жоқ екенін айтты.

«Таңертеңнен бері жылу жоқ. Жылытқыш қостық, баланы қалың киіндіріп қойдық. Бүгін жылу өшіп қалды, оған дейін батареялар әрең жылып тұрғанын айтып, қанша рет телефон соқтық», — дейді Рудный қаласының тұрғыны.

Бұл апаттан бөлек, Шевченко көшесі, 116-да құбыр жарылған, ондағы 13 жекеменшік үй жылудан ажыратылды. Апат орнын табу үшін қазу жұмыстары жүріп жатыр.

«Қазіргі уақытта апатты анықтау және жою мақсатында магистраль желілерде жұмыстар жүргізіліп жатыр, ол бүгін аяқталады, 5 техника мен жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, жылу желілерінің басшылығы апат орнында (желілердің тозуы шамамен 70-80 пайыз)», — деді Рудный әкімдігі өкілдері.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық