jasqazaq.kz

Рудныйда 10 автобус өртенді

24 тамыз 2020, 10:14

Рудный қаласында 10 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Рудный қаласының маңындағы жеке серіктестік базасында болған. «24 тамыз күні сағат 04:19-да «Рудный Автотранс» ЖШС аумағындағы өрт туралы хабар түсті. Оқиға орнына 4 арнайы техника мен 18 адам жұмылдырылды. Оқиға орнына жеткен соң, қызметкерлер ашық аумақта жолаушылар автобустарының жанып жатқанын анықтады. Жағдайға байланысты жақын маңдағы автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 2-МӨСБ және нысан өкілдерінің күшімен 12 автобус қауіпсіз қашықтыққа шығарылды» делінген ТЖД ақпаратында. Тілсіз жау сағат 05:10-да толығымен сөндірілді. Өрт кезінде 10 автобус толықтай өртеніп кеткен, сонымен қатар тағы 2 көлік бүлінген. Қазір өрт себептері анықталуда.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия