jasqazaq.kz

Рудный тұрғыны анасын балтамен қорқытқан

24 қантар 2019, 15:53

Қостанайлық тәртіп сақшылары баласы қамауда ұстап отырған әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Рудный қаласындағы 50 лет октября көшесінде болған. Көпқабатты үйдің пәтерінен шыққан жанжалды көршілері естіп, тұрғын үй кооперативі иесінің төрағасына қоңырау шалған. Соңғысы полицияға хабарласып, көмек шақырған. «Оқиға орнына келген кезде есікті аша алмадық. Пәтерге есік жөндеушінің көмегімен ғана кірдік. Пәтер іші қараңғы, қоқысқа толы болды. Дәліз бойымен жүрген соң қолына балта ұстаған ер адамды көрдік. Ол суық қарумен анасын қорқытқан», -деді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Ерлан Әбділманов. Полицейлер «сотқар ұлдың» қолынан балтасын тартып алды. Белгілі болғандай, анасын қамап ұстаған 56 жастағы ер адам психиатриялық аурухананың тіркеуінде тұрған. Тәртіп сақшылары оны ары қарай емдеу үшін аруханаға жеткізді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық