jasqazaq.kz

Рудный тұрғыны 4 жастағы баланың үстіне керосин құйып жағып жіберген

17 наурыз 2022, 10:31

Рудный тұрғыны көршісімен жанжалдан кейін әйел мен оның 4 жастағы баласына керосин шашып, жағып жіберген. Қазір Қостанай облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Жантүршігерлік оқиға туралы аймақтық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков өз Facebook парақшасында мәлімдеді.

«16 наурызда Рудный қаласының кезекші бөліміне 44 жастағы ер адамның көршісінің есігін қаққаны туралы ақпарат түсті. Есікті ашқан әйел мен оның баласына керосин шашып, жағып жіберген», — делінген полицейдің хабарламасында.

Бала ауыр жарақаттар алған. Қазір ол ауруханада.

«Жапа шеккен бала ауыр жарақаттармен жансақтау бөліміне жатқызылды. Денесінің 40%-ын күйік шалған. Қазір оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр. Анықталғандай, оқиғаға көршілер арасындағы жанжал себеп болған», — деп түсіндікті Ерлан Омарбеков.

Күдікті қолға түскен, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді