jasqazaq.kz

Рудный студенттері уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған

27 сәуiр 2022, 10:41

Санитария дәрігерлері Рудныйдағы колледж студенттері неге уланып қалғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Санитария дәрігерлері Рудный тау-кен технология колледжінің асханасында алынған сынама нәтижелерін айтты. Улануға себеп стафилококк болған.

«Зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды. Дайын өнімнің барлық сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттердің талдауларынан да патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияны тасымалдаушы асхана қызметкерлері болуы мүмкін», — деді Қостанай облысының Cанитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Тексеріс барысында санитария ережелері сақталмағаны анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, тағамды сақтау шарттары мен дайындау технологиясының бұзылуы. Мамандар профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.

Ауруханаға жатқызылған 14 студент ауруханадан шығарылды. Еске салайық, Рудныйдағы колледж студенттері түскі астан кейін асханада өздерін жайсыз сезінген еді. Жергілікті асханада түскі ас ішкен 70-тен аса студент жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып қаланың медицина мекемелеріне жүгінген болатын.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр