jasqazaq.kz

Роза Рымбаева марқұм күйеуімен қалай танысқанын айтты

05 наурыз 2019, 16:18

Роза Рымбаева марқұм күйеуі Тасқын Оқаповпен қалай танысқанын айтып берді. Ол Тасқын Оқаповпен кездеспегенде, сахнада Рымбаева болып жүрмес едім, дегенді алға тартады.

Бұл туралы Ұлттық арнаның «Дара жол» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Егер Тасқын болмағанда, сахнада, өнерде жүрмес едім. Себебі алғаш Алматыға келіп, байқауға қатысқан кезде менің концерттік костюмім де болмаған. Мен мектепке киіп жүрген ақ көйлегіммен, ақ босоножкаммен үлкен оркестрмен байқауға қатысқам. Менімен сайысқа түскендердің бәрі — ересек әншілер. Киімім де жоқ. Осылай ән айтып, жеңіп шыққан кезде залда Тасқын отырған ғой», — деп еске алады Роза Қуанышқызы.

Халық артисінің айтуынша, Оқапов ол концертте кездейсоқ көрермен болып отырған. Сөзіне қарағанда, Тасқын мырза оркестрде отырған музыканттармен бильярдқа баруға уәделескен. Соларды күтіп отырған кезінде алғаш рет Розаны көрген.

«Роза Алматыға алғаш рет көркемөнерпаздар фестивалінің қатысушысы ретінде 1975 жылы келген еді. Оны алғаш көргенде осындай ғажайып дауыс иелері де болады екен-ау деп таңдандым. Министр Еркінбеков мені үш рет шақырды. Сосын келістім. Бірақ «Семейдегі әнші қыз Роза келсе ғана жұмыс істеймін» деп шарт қойдым», — деген болатын марқұм Тасқын Оқапов бұрын берген сұхбатында.

Осылайша Роза Рымбаева Тасқын Оқаповтың шақыртуымен Алматыға келген. Бірнеше байқауға қатысқаннан кейін, екеуі отау құрған.

«Тасқын екеуміз 23 жыл өмір сүрдік. 23 жыл бойы мен Тасқынның мектебімен сахнада жүрдім. Кәсіби білім алдым. Сонымен Рымбаева болып шыға келдім», — дейді әнші.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда