jasqazaq.kz

Роза Рымбаева: Қазір аузыңды ашсаң, бәлеге қаласың

25 тамыз 2021, 13:18

Роза Рымбаева өнердегі жас әріптестерін сынаймын деп талай сынға қалған. Кезінде Ернар Айдарға, ал жуырда Иманбекке қатысты өз ойын айтқаны үшін жұрт Халық әртісін жерден алып, жерге салған. Роза Қуанышқызы «шындықты айтатын адамның ешкімге жақпайтынына» көз жеткізген. Бұл туралы ол Paparazzi бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бізді қазір кім сынамайды? Қазір Instagram, Youtube бар… Аузыңды ашсаң, бәлеге қаласың. Шындықты айтам деп бәлеге қаласың. Енді шындықты біреу айтпаса, солай өтірік өзімізге өзіміз алданып, өтірік мақтауға мәз болып жүре береміз.

Шындықты айтқан адам тек біздің өмірімізде емес, кезінде патшаға шындықты айтқан адамның басын кесіп алған. Шындықты айтқан адам ешқашан да бірден жақпайды. Оны артынан келіп түсінеді. «Ол кісі дұрыс айтқан екен ғой» деп мен туралы да шығып жатады», — деп ағынан жарылды Роза Қуанышқызы.

Ақиқатты турасынан айтқанды ұнататын Рымбаева әріптесі Меруерт Түсіпбаеваны да тік мінезі үшін сыйлайды.

«Ең бірінші, бұл заманда мінез керек шығар?! Басқа қыздардан гөрі, Меруерттің мінезі ерекше деп санаймын. Қайсар, ашық, өзінің ойын тік айтады. Ешкімге жағымпазданып, асыра мақтап немесе біреуге жаман атты болған емес», — дейді ол.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия