jasqazaq.kz

Роза Әлқожа інісіне араша түсті

18 сәуiр 2018, 14:40

Әнші Роза Әлқожа Әбдіжаппар Әлқожа қатысқан “Жұлдыз жекпе-жек” сайысына қатысты пікір жазды.

Ол Әбдіжаппардың сахнада көрсеткен өнерін жоғары бағалады.

“Қайырлы түн! Кеше “Жекпе-жекті” көре алмай қалдық. Байқауға қатысып бақ сынау деген қиынның қиыны. “Даланы биіктетем деп тауды аласартып алатын” біздің елде тіпті қиын. Жүгіріп жүріп, секіріп жүріп əн айту, оның үстіне өте жылдам, жаңылтпаш сияқты əнді айту оңай емес. Бап та, ат та емес, бақ шабатын сайыста өзіңді жоғалтып алмау басты шаруа. Қалайда, қатысқаның үшін, батылдығың үшін ризамын! Ал, бізде əділ-қазылар барлық уақытта əділ емес деп айтылады!”, – деп жазады әнші желідегі парақшасында.

Айта кетейік, “Жұлдызды жекпе-жек” бағдарламасында әнші Әбдіжаппар мен Әміре бас сынасты. Әділқазылар келесі бағдарламаға Әбдіжаппарға жолдама берді.

“Біткен іске сыншы көп демекші. Әмірені жеңді деп жатсыздар. Мақұл делік. Бірақ Әбдіжаппарда өте жақсы айтты және де бұл жерде шоуда болды,биде болды, толығымен жақсы дайындалып келген. Тойдың әншісі деп жатсыздар ғой барлық әнші тойға барады. Ода тұрған несі бар. Сосын әділ қазылар әділетті өткен жоқ деп жатсыздар. Сонда не сол жердегі отырған әншілер құр отырғандар ма. Олар сол өнердің майын ішкендер. Мейрамбек ағамызды көп сөкпендер ол кісі берген дауысты ғана хабарлап айтады. Менің ойымша өте Әділ өтті сайыс. Әбдіжаппар тек қана алға”.

“Әміре жеңді, даусы керемет. Сахна әншісі. Әбдіжапар той әншісі. Танымалдығы аз болған соң басым түсе алмаған шығар. Маған Әміре ұнады”, – деп жазады желі қолданушылары.

stan.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді