jasqazaq.kz

Роупджампинг: Инструктор өрескел қате жіберген

12 қазан 2021, 22:54

Қарағандыда 33 жастағы келіншектің өлімінен кейін роупджампингтің нұсқаушысы (инструктор – ред.) қамауға алынды. Ол 8-ші қабаттан секірген Евгения Лоентьеваның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өрескел қате жіберген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қайғылы жағдайдан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, аттракцион ұйымдастырушыларын тергеуге алған. Евгения биіктен секіргенде оның арқанын ұстап тұратын сымарқанның бір ұшы бекітілгеніне нұсқаушы көз жеткізбеген. Марқұмның арқасынан қағып, соңғы сапарына шығарып салғанын өзі де сезбесе керек. Енді тергеушілер Қарағандыда қанатын кеңге жайған аталмыш аттракционның қаншылықты заңды негізде жұмыс жасағанын анықтауға кірісті. Ғимараттың үстінен секіруге рұқсат еткен қонақүй қожайыны да жауапқа тартылады. 10-қазан күні роупджампинг клубына келіп биіктен секірген Шахтинск қаласының тұрғыны жазатайым қазаға ұшырады. Марқұмға биіктен секіру билетін туған күніне күйеуі сыйлапты.

Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Тергеу барысында 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталып, оның қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны белгілі болды. Күдікті ҚР ПК-тің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия