jasqazaq.kz

Ротвейлер тұқымдас екі ит иесінің 3 жасар қызын талап өлтірген

01 сәуiр 2019, 15:39


3 жастағы қыз баланы талап өлтірген ротвейлер тұқымдас иттер карантинде жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Кәсіпкерлік пен индустриалды даму басқармасының баспасөз хатшысы Әнел Қабиева айтты.

Оның айтуынша, ротвейлер — қабаған иттер тұқымына жатады. Мұндай иттерді асырау үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Меніңше, ата-аналары дұрыс қарамаған. Иттердің неге дәл сол сәтте балаға тап бергенін анықтау мүмкін емес. Егер ротвейлер иесі кинологтардың көмегімен иттерді тәрбиелей білсе, жануарды әлеуметтік ортаға бейімдеуге болады. Қазір олар бақылауда. Иттерге құтыру екпесі салынған. Барлығы сараптамадан соң белгілі болады», — деді Әнел Қабиева. Оның айтуынша, иттердің миын зерттеу үшін оларды өлтіру шарт. «Адам өлімі болғандықтан, иттерді өлтіруі мүмкін. Бірақ, ол үшін қожайыны рұқсат беруі немесе сот шешімі керек. Иттер 10 күндей карантинде жатады», — деді Ә.Қабиева. Сондай-ақ, ол кейбір отбасыларда ротвейлерлер өмір бойы отбасымен бірге өмір сүретіндігін, алайда иттерге тән мінезге мән беру керектігін айтты. Айта кету керек, қайғылы жағдай Алматыда Самғау шағынауданында болған еді. Ротвейлер тұқымдас екі ит иесінің 3 жасар қызын талап өлтірген болатын. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда