jasqazaq.kz

Рота командирі сарбаздардың атына несие рәсімдеген

05 қараша 2021, 22:25

Аягөз қаласында орналасқан әскери бөлімдердің бірінің рота командирі сарбаздардың атынан несие рәсімдеп келген.

Семей гарнизонының әскери соты Аягөз қаласында орналасқан әскери бөлімдердің бірінің рота командирін 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Stan.kz хабарлағандай, офицер қол астындағы сарбаздарға қатысты алаяқтық әрекеттері үшін жауапқа тартылды.

2021 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Аягөз департаменті қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша әскери қызметшіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында рота командирі өзінің қызметтік бабын пайдаланып, өзіне бағынышты әскер қатарына шақырылғандардан пайдакүнемдік ниетпен, «Kaspi Bank» және микрокредиттік ұйымдардың мобильді қосымшасы арқылы қасақана, алаяқтық жолмен интернет желісіндегі несие рәсімдеген.

М. әскерге шақырылғандардың барлығы 2 млн 20 мың теңге сомасында 6 несие алып, банк картасынан бірнеше рет қайтарып алып, «Халық банкінің» өтініштері арқылы 17 сарбаздың жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам жалақысын есептеп, оны өзі иемденген.

Сондай-ақ, тергеу барысында офицердің букмекерлік кеңселердің бірінде ставка бойынша қылмыстық жолмен тапқан ақшасын жоғалтқаны анықталды. Алайда, тергеу амалдары барысында рота командирінің қылмыстық әрекетінен әскерге шақырылушыларға келтірілген шығынды өтеуге мміндеттелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде