
«Ювентус» футбол клубы Криштиану Роналдудың жейделерін сатып, 6,5 млн еуро пайда тапқан.
Tuttosport мәліметі бойынша, сатылымға шыққан жейделердің алғашқы бөлігі таусылған екен. 10 шілдеден 5 тамызға дейін сатылған 55 мың жейде клубқа 6,5 млн еуро пайда әкеліпті. Роналдудың бір жейдесінің бағасы 105 еуро тұрады. Ал мәлімет бойынша, жейделердің келесі бөлігі қыркүйек айының соңында сатыла бастайды екен.
Айта кетейік, Криштиану Роналду «Ювентуспен» шартқа отырған күні клубтың Twitter парақшасына бір миллионнан аса адам жазылған болатын. Мұндай өзгерістер Instargam мен Facebook парақшаларында да орын алған.