jasqazaq.kz

Роналдудың физикалық дайындығы дәрігерлерді таңғалдырды

24 шiлде 2018, 12:44

«Ювентустың» дәрігерлері шабуылшы Криштиану Роналдудың дене мүмкіндіктерін 20 жастағы футболшымен салыстырды.

33 жастағы португалиялық ойыншы туриндік клубта медициналық тексеруден өтті. «Роналдудың денесіндегі майдың үлесі — 7%. Әдетте, оның жасындағы спортшыларда бұл көрсеткіш орташа 10-11% аралығында болады. Бұлшықеттері дене салмағының 50 пайызын құрайды (орташа көрсеткіш — 46%)», — деп таңғалды оны тексерген дәрігерлер. Marca басылымының жазуынша, 2018 жылғы Әлем чемпионатында Роналду сағатына 33,98 километр жылдамдықпен жүгіріп, турнирдегі ең жүйрік ойыншы атанған болатын. Бұдан тыс, Роналду топтық кезеңнің алғашқы турында Испания қақпасына үш гол соғып, әлем чемпионаттары тарихындағы ең жасы үлкен хет-трик авторы болды. Бір айта кетерлігі, ол «Ювентусқа» ауысқаннан кейін, туриндік клубтың акциялары 35% қымбаттады, ал «Реал Мадридтің» Туиттерінен миллионға жуық жазылушы шығып кетті. «Ювентустың» Роналдуға берілген 7-ші нөмірлі жейделері сатылымға шыққан соң, алғашқы тәулікте ойыншы трансферлік құнының жартысына жуық қаржы жиналған.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді