jasqazaq.kz

Роналду «Ювентуспен» алғашқы трофейін иеленді (видео)

17 қантар 2019, 11:32

Туриндік «Ювентус» Италия Суперкубогы үшін матчте «Миланды» ұтты.

Ойын Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы «Кинг Абдулла Спортс Сити» стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз допты 61-ші минутта шабуылшы Криштиану Роналду салды.

73-ші минутта «Миланның» жартылай қорғаушысы дөрекі ойын үшін бірден қызыл қағаз алып, ойыннан шығып қалды.

Осылайша, «Ювентус» рекордты сегізінші рет қатар Италия Суперкубогын иеленіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша «Ювентус» Кубокты жеті рет иеленген «Миланнан» асып отыр.

Бұл 2018 жылы жазда мадридтік «Реалдан» италиялық «Ювентуске» аусқаннан кейін Роналду үшін алғашқы трофей. Португалиялықтың трансфері 112 миллион еуро болды.

Роналду үздік футболшыға берілетін «Алтын доп» сыйын бес рет иеленген. 33 жастағы Чемпиондар лигасын да бес рет ұтқан, ал Португалия құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған.

 

Vesti.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде