jasqazaq.kz

Роналду Португалия чемпионатына оралуға дайын

14 мамыр 2021, 12:43

«Ювентус» футболшысы Криштиану Роналду лиссабондық «Спортинг» құрамына оралуы мүмкін, — деп хабарлайды РИА Новости.

Роналду «Ювентус» құрамынан кеткісі келеді. Футболшының өзі бастапқыда «Реалға» оралғысы келген. Бірақ испан клубы бас тартып отыр. Cuatro басылымы мәліметі бойынша, шабуылшыны «Спортинг» құрамына қабылдауға ұсыныс білдірген және Роналду Лиссабон клубына оралу үшін «Ювентуста» алған жалақысының көп бөлігінен бас тартуға дайын.

«Спортинг» осы маусымда Португалия чемпионы атанды және Чемпиондар лигасында өнер көрсету құқығына ие болды. Ал «Ювентус» келесі маусымда Еуропаның басты турниріне қатыспауы мүмкін. Туриндық клуб А сериясындағы Чемпиондар лигасының аймағына әлі кірмеген.

Ел чемпионатындағы «Спортинг» жеңісіне арналған кеште Роналдудың анасы ұлын келесі маусымда Лиссабон клубына қайтару үшін бәрін жасауға уәде берген. 36 жастағы футболшының өзі Португалияға оралуға дайындалып жатыр және жеті миллион еуродан асатын Лиссабонда пентхаус сатып алған.

Роналду 12 жасынан «Спортинг» құрамасында 2003 жылға дейін өнер көрсеткен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде