jasqazaq.kz

Роналду Мьянма мұсылмандарын қолдауға шақырды

20 ақпан 2018, 11:28


Әлемдегі ең танымал футболист, ата аңызға айналған спортшы Криштиану Роналду өзінің Instagram парақшасында халықты Рохинджа мұсылмандарына көмек беруге шақырды,  деп хабарлайды NUR.KZ.

Роналду өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, халықаралық қауымдастықтарды Мьянма еліндегі қайғы-қасіретке тап болғандарға көмек қолын созуға шақырған.

Ол Рохинджа мұсылмандарымен қоса өзінің балаларымен түскен суретін де жариялапты.

Еске салсақ, осыған дейін футбаолист сұхбаттарының бірінде мұсылмандарды жақсы көретінін, оларға әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін айтқан еді.

«Мен бұл қайырымдылықты атақ-даңқ үшін жасамаймын. Тек балаларға көмектескім келеді. Себебі менің де балалық шағым қиын болды. Ағам екеуміз бір төсекте ұйықтап, ойыншық алатын ақшамыз болмады. Мен тұрмыстық жағдайымыздың нашарлығына ызаланып, допты тебе беретінмін. Бар өшімді содан алғым келетін», — деген Роналду өз сұхбатында.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды