jasqazaq.kz

Роналду ХХІ ғасырдағы ең үздік пенальти орындаушы атанды

29 шiлде 2020, 16:38

ХХІ ғасырдағы ең үздік пенальти орындаушылардың көшін Португалия ұлттық құрамасы мен Туриннің «Ювентус» клубының жұлдызы Криштиану Роналду бастап тұр, деп хабарлады vesti.kz.

Түрлі жарыста өнер көрсеткен Роналду қарсыластар қақпасын 11 метрлік нүктеден 114 мәрте дәл көздеді. Бұл жағынан 35 жастағы сұрмергеннің алдына ешбір футболшы түсе алмайды. Екінші және үшінші орындарда 2017 жылы спорттық мансабын аяқтаған «Романың» капитаны, италиялық Франческо Тотти мен ұзақ уақыт бойы «Барселонаны» өрге сүйреп жүрген аргентиналық Лионель Месси тұр. Олардың әрқайсысы 75 реттен пенальтиді мүлтіксіз орындады. Сонымен қатар үздіктер санатында Златан Ибрагимович (64 гол), Фрэнк Лэмпард (50), Эдинсон Кавани (48), Стивен Джеррард (46), Алессандро Дель Пьеро (44), Роналдиньо (44) және Серхио Агуэро (41) сынды саңлақтар бар.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия