jasqazaq.kz

Роналдиньо жалған төлқұжатпен ұсталды

05 наурыз 2020, 13:01

Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо (шын есімі Роналдо де Ассис Моррейра) Парагвай аумағына кіру үшін жалған төлқұжатты пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сәрсенбі күні ABC Color газеті хабарлады.

Сәрсенбі күні кешке спортшы орналасқан қонақүй бөлмесінде тінту жүргізіліп, оның барысында құқық қорғаушылар Роналдиньо және оның ағасы Робертоның атына жазылған жалған төлқұжаттарды анықтады. Басылымның жазуынша, екеуін де қонақүйде полиция күзетіп отыр, ал олар бейсенбі күні таңертең прокуратураға түсініктеме беруге баруы тиіс. Бұған дейін өз отанында Роналдиньо салық төлемегені үшін шетел төлқұжатынан айырылған еді. Бұдан басқа футболшыға өзінің отбасы тұрып жатқан үйдің жанында пирс салып, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 8,5 млн реал (2,2 млн астам доллар) көлемінде айыппұл салынған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия