jasqazaq.kz

Роликтегі ақпарат жалған екен (видео)

09 сәуiр 2020, 17:09

Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшманов қоқыс пакетін киген дәрігерлердің видеосына қатысты пікір білдірді.

Бұл видеоның Жамбыл облысында түсірілгені белгілі болды.

Құлшмановтың айтуынша, видеоға «Амазонка» онкологиялық ауруға шалдыққандарды қолдауға бағытталған үкіметтік емес ұйымның қызметкерлері түсірілген.

«Олардың мемлекеттік медициналық мекемелерге еш қатысы жоқ. Маған осы қордың директоры Анжелика Сарьян хабарласты. Ол видео авторының әрекетіне наразылық білдірді. Мұны жоққа шығаруды сұрады», — дейді ол.

Роликтің 8 сәуірде Таразда түсірілгені анықталды. Қоғамдық ұйымның қызметкерлері сол күні туыстары жоқ науқасқа бара жатқан.

«Көрсетілген мекенжай бойынша барғанда біз өзімізге сақ болу керегін түсіндік. COVID-19 таралуына байланысты бізде де қызмет көрсету бойынша ережелер мен шектеулер бар. Ұйым қызметкерлері маска, бахила, баскиімнен басқа, қолда бар заттармен сақтануды шешті. Біз бір рет пайдаланылатын пакеттер мен скотч қолдандық, бұл заттар жедел бригада келген көлікте болды», — дейді ұйымның директоры.

Олар ролик авторына наразылық білдіретінін айтып өтті.

 

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия